Ғылыми Әдістемелік Бөлім

«Ғылыми-әдістемелік бөлім»

Ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша  «Музей ісі» мамандығы бойынша іс-тәжірибе алмасуға келген студент жастарға, тиісті тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстарға қатысатын мектеп оқушылары мен студенттерге әдістемелік көмек көрсету.

Музейтану, ғылыми-тәжрибелік, әдіс алмасу тақырыптарында өтетін облыс және республика көлеміндегі  конференцияларға қатысу.

Музейлердің маңызы мен рөлін көрсету мақсатында қала мектептеріндегі музейлермен тығыз байланыста болу, бірігіп жұмыстар жасау.

Орталық экспозициясы бойынша экскурсиялық және лекциялық материалдарды жаңа ізденістермен толықтырып отыру.

Орталыққа қарасты филиалдарға әдістемелік-тәжрибелік көмек көрсету.

Республикалық, өзге облыстық музейлермен байланыста бола отырып, музейлер ісі жөніндегі арнайы әдістемелік газет-журналдарды пайдалана отырып орталық жұмыстарын насихаттау.

Жылдық жоспардағы бекітілген барлық іс – шараларға көмекші әдістемелік нұсқаулар, материалдар дайындау, жоспарланған іс-шаралардың уақытылы өтуін қадағалау .

Орталық қорындағы жәдігерлерді, атқарылған іс-шараларды, ұйымдастырылған көрмелерді  көпшіліккенасихаттау мақсатында орталықтың сайтына, Facebook  және Instagram парақшаларына насихаттау.