Басшылық

Директор: Дюсенбаева Гүлжанат

Дюсенбаева Гүлжанат 1965 жылы мамыр айының 2-ші жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Белтерек ауылында дүниеге келген.1972-1982 жж. Белтерек орта-мектебін бітірген. 1982-1987 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы пединститутын бітірді. Еңбек жолын 1987-1995 жж Түркістан қаласындағы №12 Қ. Сатпаев атындағы орта мектебінен бастаған. 1995-2005 жылдар арасында Түркістан қаласындағы №10 Әл-Фараби атындағы мектебінде мұғалім қызметін атқарды. 2005-2008 жылдар аралығында «Түркістан қаласындағы Нұртас Оңдасынов атындағы тарихи-мемориалды музейінде» экскурсовод, ғылыми қызметкер және әдіскер қызметтерін атқарды. 2008-2011 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы Нұртас Оңдасынов атындағы тарихи-мемориалды музей директоры қызметін атқарды. 2011 жылдың наурыз айынан бастап «Түркістан облыстық тарихи-мәдени-этнографиялық орталық» директоры қызметін атқаруда. 2009 жылдан бастап Нұр-Отан партиясының мүшесі. 2007 жылы, Облыстық мәдениет басқармасының алғыс хатымен марапатталды . 2008-2009 жылдар арасында «Мәдени –мұра» бағдарламасы аясында өткен облыстық «мұражайлар шеруі» конкурсына қатысып ІІ-орынға ие болып, 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. 2011,2013,2015,2017,2019 жылдары Түркістан облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 2011 жылы, 18 мамырда ОҚО Мәдениет басқармасының алғыс хатымен марапатталған.       2011 жылы, 19 желтоқсан Ұйымдық халықтық тәуелсіз комитетінің «Көшбасшылар» байқауында облыстың мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін «Алтын көшбасшы» дипломмен марапатталған. 2015 жылы Г.Дюсенбаева Басшылық жасап отырған орталық ICOM Халықаралық мұражайлар одағының ұсынысымен 2015 жылдың «Жыл мұражайы» дипломымен марапатталды. 2015 жылы музей саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «ИКОМ» төсбелгісімен марапатталды. 2016 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. 2017 ж. «ТҮРКСОЙ» Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының төрағасының алғыс хатымен марапатталған; Дюсенбаева Гулжанат Ибраһимқызы облыс, қала көлемінде өтетін мәдени және көпшілік іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне белсенді қатысуда, Түркістан облысы бойынша іскер әйелдер Ассоциациясының мүшесі. Сонымен қатар Дюсенбаева Гүлжанат басшылық жасап отырған мекеме 2017 жылы облыстық «Мұражайлар шеруі» байқауына қатысып, ОҚО аумағындағы мұражайлар ішінен іріктеліп, бас жүлдеге ие болып, дипломмен марапатталған. 2018 жыл ШҚО Жарма ауданының 90 жылдығы медалінің иегері; 2018 жыл Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері; 2021 жыл Түркістан қаласына еңбегі сіңген төсбелгісі. 2019 жылы Түркістан облыстық маслихатының алғыс хатымен марапатталды. Отбасылы, 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған үлгі боларлық ана, қазіргі таңғда 12 немере сүйіп отырған әже Түркістан өңірінде туып өскен мемлекет, мәдениет, өнер қайраткерлері туралы материалдар, көне жәдігерлер жинақтауда өз үлесін қосып, мәдени іс-шаралар өткізуде біліктілікпен басқара отырып, шығармашылық жұмыстарды белсене атқарады. Дюсенбаева Гүлжанат Ибраһимқызы үлгі тұтарлық қазіргі заман талабына сай, ұлағатты ұстаз ана және лауазымына лайықты мәдениет саласын дамытатын шебер басшы жұртшылықтың ризашылығын алып жүрген азаматша

Директор Орынбасары: Акимов Тұрар Шамшатдинұлы

Акимов Тұрар Шамшатдинұлы 1984 жылы 9 сәуірде ОҚО Созақ ауданы, Жуантөбе ауылында туылған. 1991-1995 жж. Отырар ауданы, Қожатоғай елді-мекенінің А.Иманов атындағы орта мектебінде, 1995-2001жж. аралығында Арыс ауданы, Арыс орта мектебінде оқып, «Үздік аттестатпен» бітірген. 2001-2005 жж. Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің «Тарих» факультетіне грантқа оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын «Үздік дипломмен» аяқтаған. 2006 – 2011жж. Түркістан қаласындағы «Түркістан аймақтық дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында» жұмыс атқарған. 2007-2009 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің тарих факультетіне Тарихшы мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсіп, Тарих магистры деген ғылыми дәрежесін «Үздік дипломмен» қорғап шыққан. 2018-2020 жж. Шымкент университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тамамдаған. 2011жылдың сәуір айынан қараша айына дейін ОҚО Тарихи-мәдени-этнографиялық орталығында Ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, 2011 жылдың қараша айынан бастап ОҚО Тарихи-мәдени-этнографиялық орталығы директорының орынбасары. 2021 жылдың наурыз айынан бастап Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі орталығы» МКҚК –нің директор орынбасары. Қазіргі таңда Республикалық, облыстық және жергілікті баспасөз беттерінде 40-тан астам мақалалары жарық көрген. «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері. Мәдениет саласындағы атқарған еңбектері бағаланып облыс әкімінің алғыс хатымен, Мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен, Түркістан қаласының әкімі Қ.Молдасейітовтың алғыс хатымен, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Б.Шеңгелбаевтың сертификатымен, ҚР ОҚО «Нұр Отан» ХДП Түркістан қалалық филиалының бірінші орынбасары А.Темірбаевтың алғыс хатымен, Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің Президенті А.А.Нұрмановтың алғыс хатымен және Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ұйымдастыруымен өткен Халықаралық жас археологтар жаздық мектебінің сертификатының т.б. көптеген сертификаттардың иегері

Директордың жалпы мәселер жөніндегі орынбасары: Мақатаев Нұрболат Талғатұлы

Мақатаев Нұрболат Талғатұлы 1988 жылы 26 наурызда ОҚО., Отырар ауданы, Аққұм ауылында туылған. 1994-2001 жж. Отырар ауданы, Аққұм ауылдық С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде, 2001-2005жж. аралығында ОҚО., Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқып, «Үздік аттестатпен» бітірген. 2005-2009 жж. Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің «Тарих» факультетіне грантқа оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын «Үздік дипломмен» аяқтаған. 2009-2011 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің тарих факультетіне «Тарихшы» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсіп, Тарих магистры деген ғылыми дәрежесін «Үздік дипломмен» қорғап шыққан. 2015-2017 жж. М.Сапарбаев институтының «Құқықтану» мамандығын қосымша тамамдаған. Еңбек жолын 2012 жылдың қазан айынан бастап ОҚО Тарихи-мәдени-этнографиялық орталық МКҚ-ның шаруашылық меңгерушісі қызметінен бастаған. 2021жылдың наурыз айынан бастап Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығы МКҚК шаруашылық меңгерушісі; 2021 жылдың мамыр айынан бастап Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығы МКҚК директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары; Үйленген. Үш ұл тәрбиелеп отыр.