Ғылыми зерттеу бөлімі

Ғылыми зерттеу бөлімі.

 Ғылыми-зерттеу бөлімінде үш қызметкер қызмет атқарады.

Бөлім меңгерушісі: Ахан Абзал Арысбекұлы

Аға ғылыми қызметкер: Данияров Бақыт Тілеуқабылұлы

Кіші ғылыми қызметкер: Есмырза  Ұлжалғас

Ғылыми-зерттеу бөлімінің жұмысының мақсаты: тарихи және мәдени жәдігерлердің ғылыми-қолданбалы теориялық-методологиялық мәселелерін жіті қарастырып,  ғылыми-жинақтау, ғылыми-сақтау, музейдің ғылыми қорындағы археологиялық және этнографиялық жәдігерлерге сараптаулар жасап, оларды хаттап құжаттау қалпына келтіру және басқа да зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Бөлім қызметкерлері музей ісі бойынша  ғылыми әдебиеттер, белгілі бір тақырыпта, жәдігер бойынша және тарихи тұлғаның тарихын жинау мен зерттеуді ұйымдастырады. Сонымен бірге, ғылыми мәліметтерді, бақылау нәтижелерін талдау мен теориялық жинақтау жүргізе отырып, музей ұйымдастырған ғылыми далалық экспедицияларға, іс-сапарларға қатысып, ғылыми материалдар жинаумен, жаңадан табылған тарихи-мәдени құндылықтарды ғылыми өңдеумен айналысады. Ізденістерінің нәтижесін баспасөз беттерінде ғылыми, танымдық мақалалар жазып жариялап отырады.