Жаңалықтар

АТА ЗАҢ – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ

Бүгін «Ұлы Дала Елі Орталығында» 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата заң – алтын тұғырымыз» атты танымдық кеш болып өтті. Аталған іс шараға Әділет департаменті қызметкерлері қатысты. Ел Тәуелсіздігінің кепілі, келешегіміздің кемелі болған – Конституция күніне арнап орталық директорының орынбасары Т.Акимов және департаменттің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы А.Пирметов құттықтау сөз сөйледі. Қызметкерлер тақырып аясында баяндама оқыды. Шара соңында әр адам өз құқығын біле отырып, мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерін орындау керектігі жөнінде ойларын ортаға салды.

БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ

«Ұлы Дала Елі Орталығында» Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен педагогтердің аудандық тамыз конференциясы өтуде. Конфенеция аудан әкімі Рысбеков Ғани Құрмашұлы және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Берік Нұрғазы Құрманғазыұлының құттықтау сөзімен басталды. Білім нәрімен сусындатып отырған барша ұстаздар қауымына жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер мен шығармашылық бастамалар тілейміз!

ТҮРКІСТАНДА ӨТІП ЖАТҚАН «ҰЛЫ ДАЛА ЖАУҺАРЛАРЫ» ЖОБАСЫНА АТСАЛЫСЫҢЫЗ

Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Ұлы дала елі» орталығында «Ұлы дала жауһарлары» жобасы бастау алды. Жоба аясында «Жәдігер жерде қалмасын» атты акция ұйымдастырылып, алғашқы жәдігерлерді де қабылдап үлгерді. Оның бірі «Ұлы Дала Елі Орталығы» МКҚК-ның директор орынбасары Тұрар Шамшатдинұлы. Ол атасы Әкімишанұлы Махамбетияр пайдаланған үтікті тапсырды. Өзінің айтуынша, атасының көзі ретіндегі бұйымы келешек ұрпаққа жеткізуді мақсат етіп, сыйлаған. Аталмыш үтікпен ХІХ ғасырда арнайы ыдысқа шоқ немесе ыстық көмір салу арқылы киім үтіктеген.

«Жәдігер жерде қалмасын» акциясы мұнымен тоқтамады. Келесі болып «Ұлы Дала Елі Орталығы» МКҚК-ның қызметкері Алишер Идирисов бірқатар  жәрігерді сый ретінде тапсырды. Атап айтсақ, бесік, майшам, шәйнек, кілемше тоқитын темір тоқпақ және темір тостаған секілді бағалы әрі көненің көзі еді. Бұл бұйымдар анасы Идирисова Камиланың пайдаланған жеке заттары болып саналады. Ал темір тостағанды атасы Тоқанов Ыдырыс қолданған. Осында жинақталған жәдіргерлерден жыл соңында көрме ұйымдастырылмақ.

Бұл жоба жыл соңына дейін жалғасатын болады. Акцияға кез келген қала тұрғыны қатысып, көнеден қалған жәдігерлерді орталыққа тарту ете алады. Бүгінгі жаңалық – ертеңгі тарих! Өткен күнде тұтынған бұйым сол заманның шежіресіне айналатынын бүгін біз ұмытсақ, ертең ұрпақ бізді ұмытуы мүмкін. Сондықтан осы қағиданы музей қызметкерлері ұстана отырып, музейге келушілері мен қала тұрғындарын үлес қосуға шақырамыз. Орталыққа жәдігер жинауға бірге атсалысайық.

                           КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

Түркістан облысы мәдениет басқармасы «Ұлы Дала Елі Орталығы» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғылыми кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібі бойынша «Ғылыми зерттеу» бөлімінің меңгерушісі А.Ахан және Н.Оңдасынов музейінің аға ғылыми қызметкері Г.Ысқақова 2022 жылғы 7 айындағы атқарған жұмыстары бойынша есеп берді, сонымен қатар аға ғылыми қызметкер Б.Данияров «Өзбекәлі Жәнібековтың музей саласына қосқан үлесі» жобасы аясында баяндама оқыса, Г.Ысқақова «Туған жер – тұнған тарих» атты жобасымен таныстырды. Отырыс соңында орталыққа және филалдарға қатысты әртүрлі мәселелер қаралды. Ғылыми кеңестің кезекті отырысы қазан айына жоспарланды.

Бүгін “Ұлы Дала Елі Орталығы” қызметкерлері және орталыққа қарасты “Нәзір Төреқұлов” музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық бокс федерациясы үйірмесінің оқушыларына қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтарын таныстыру мақсатында “Ұлттық ыдыс түрлері” атты көрме өтті. Көрмені тамашалаған балалар қазақ халқының көнеден келе жатқан ыдыс-аяқ түрлерімен танысып, әрбір ыдыстың сырына қанықты. Көрменің мақсаты – ерте заманнан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймаған қазақтың ыдыс түрлерін насихаттау, жастарға таныстыру. Осылайша жастарды атадан балаға мұра болған ұлттық құндылықтарды ұмытпай қадір тұтуға баулу болып табылады. Сонымен қатар “Нәзір Төреқұлов” музейінің қызметкерлері тұңғыш елші Нәзір Төреқұловтың өмірі мен қызметі жайлы таныстырып, елшінің жеке заттарымен таныстырды.   

                              04.08.2022ж

      2 – ші тамыз ҰДЕО қызметкерлері. Түркістан қаласы маңындағы тарихи қала Күлтөбе, Шойтөбе, Сауран қалашығына жүргізілген барлау жұмысы. Барлау жұмысының мақсаты: ескерткіштердің жағдайымен танысу суретке түсіру. Барлау барысында тарихи қалалардың жай күйімен танысып қайттық. Кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан тарихи қалалар, өз заманында ірі сауда орталықтары бар, әсемде сұлу ғимараттары қалаға келуші қонақтарды алыстан мен мұңдалап тұратын мұнаралары мен биік – биік қорғандары. Қала ішінде жүргізілген су кәріс жолдары, мешіт медреселер, қорғанды айнала жүргізілген үлкен каналдар, осының барлығын археолгтар қазба барысында тауып зерттеп, туристерге ашық аспан астындағы музей қалашығына айналдырып отыр.

            02.08.2022ж

                   Тақсай Ханшайымы

      Қазақ жері күллі ғалам секілді тұнып тұрған құпия-сырға толы. Жердің асты мен үстінен өткеннің дерегін іздеген тарихшы ғалымдар мен археологтар жыл сайын қазақ халқының тарихын жаңа деректермен, тың жәдігерлермен толықтыра түсуде. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы төрағалық еткен 2020 жылы 12 қарашада 862-ші хатына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі “Тақсай ханшайымының” көшірмесін дайындап орталыққа өткізуді жоспарлаған еді.
        Бүгін тарихи күн – Түркістан төріндегі Ұлы Дала Елі Орталығына Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданындағы Долинное елдімекенінен табылған “Тақсай ханшайымын” экспозицияға салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Шараға Түркістан облыстық Мәдениет басқармасы басшысы Ә.Қойлыбаев, Батыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы басшысы С.Дүйсенов, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Ерсаев қатысты.

                                          05.07.2022ж

АЛТЫН ДОМБЫРА – ҰЛЫ ДАЛА ТӨРІНДЕ

Домбыра мұнша шешен болдың неге, Күй толған көкірегің шежіре ме? Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің, Саусағым тиіп кетсе ішегіңе. Аққудың әуеніндей үнің бар-ау, Сарыарқа самалындай ескен баяу. Бөбектей бесігіңде маужыраған Тыңдаймын мен отырып ұйқылы-ояу. Бүгін Ұлы Дала Елі Орталығында “АЛТЫН ДОМБЫРАНЫ” насихаттау барысында “АЛТЫН ДОМБЫРА – ҰЛЫ ДАЛА ТӨРІНДЕ” атты әдеби – сазды кеш болып өтті.Мақсаты:Домбыра – ғасырдан ғасырға,атадан балаға,бүгінге дейін ұласып келе жатқан асыл мұра.Осы киелі мұраны насихаттап шеберлігін шыңдап,өнерге баулу.

      17.02.2022ж

Ұлы Дала Елі Орталығы

“Ұлы Дала Елі Орталығында” қала әкімі Н.Тұрашбеков пен үздік мектеп оқушылары арасында кездесу өтті. Жәй кездесу емес, еркін форматта өткен бұл сұқбатта жас өрендер өз ойларын айтып, болашақта өз еліне қосатын үлестері туралы арман-мақсаттарымен бөлісті. Еліміздің асыл арманы мен үкілі үміті болып отырған жастарға сәттілік, ақ жол тілейміз.

                  15.02.2022ж

Ұлы Дала Елі Орталығы

《Ұлы Дала Елі орталығында》Түркістан қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен 《Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу》сайысының қорытынды кеші өтіп жатыр. Бұдан бұрын ауданаралық мектеп оқушыларының арасында өткен сайыстан жеңіп шыққандары бақтарын сынауда. Сайысты қала әкімінің орынбасары Шалхарова Алия @aliya_shalkharova ашып берді. Сайыстың әділқазылары құрамында Мәдениет қайраткерлері К.Айдарбекова, Сая Қасымбек, қалалық Әйелдер кеңесінің төрайымы Ұ.Мұстафаева, 《Шұғылалы тың》қайырымдылық қорының төрайымы Д.Орманова. Қатысушылар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқумен қатар сол өлеңдерді үш тілде оқып берді. Өнерлерін ортаға салған барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!
                  14.02.2022ж

Рәміздер-ел мерейі

Ұлы Дала Елі орталығында «Рәміздер – ел мерейі» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ұрпақ алдындағы міндет» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараның мақсаты – еліміздің мақтанышы ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 30 жылдығына орай кеңінен насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Шараға орталық қызметкерлері түгел қатысты және арнайы қалалық «Түркістан» газетінің тілшісі Қайсар Бауыржан қатысты.

                  01.02.2022ж

Ұлы Дала Елі Орталығы

“Ұлы Дала Елі Орталығында” адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы мен қызметкерлері және Сауран ауданына қарасты 35 мектептің директорлары, әдіскерлері қонақта болды.
                     31.01.2022ж