Мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов атындағы музей филиалы 2014 жылдан бастап Әзіретбергенова Ұлбосын Орынбайқызы музей меңгерушісі қызметін атқаруда. Өз дәуірінің жеке қайраткері Н.Оңдасыновтың 100 – жылдық мерейтойына байланысты «Түркістан қаласындағы тарихи-мемориалдық мұражай мемлекеттік мекемесін» құру туралы «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының» 2004 жылғы 28 қыркүйегінде №466 қаулысы бойынша ашылған және 2007 жылы 11 маусымдағы №195 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Түркістан қаласындағы тарихи-мемориалдық мұражай мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» болып қайта құрылған. Мұражайда ХХ ғасырдағы қазақ ұлтынан шыққан аса көрнекті мемлекет қайраткері, еліміздің , ұлтымыздың тарихында өзіндік орны бар асыл азамат, лингвист, жазушы Н.Д.Оңдасыновтың ұлттық тарихи мұралары, жәдігерлері, өмірнамалары, қолжазбалары, жеке басының пайдаланған заттар жинастырылған. Музей 4 экспозициялық залдан тұрады.
Байланыстар:
Мекен – жайымыз: Түркістан қ., Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Оңдасынов атындағы музей филиалы