Орталық қоры

Абылай ханның жүзік мөрі

Алтын адам. б.з.д. ІV-ІІІғғ
Алматы облысы, Есік обасы Ғылыми жетекші Қ.Ақышев, Реконструкциясын орындаған: Қ.Алтынбеков

Алтын адам б.з.д VІІІғ
Шығыс Қазақстан , Елеке сазы 2 қорымы Ғылыми жетекші: З. Самашев Реконстукциясын орындаған: Қ. Ахметжан

Алтын Орда сақиналы мөрі

Алтын Орда хан мөрі

Ботай жылқысы сүйектерінің реконструкциясы.
Б.з.д. ІV-ІІІ мыңжылдықтар Солтүстік Қазақстан, Ботай мәдениеті

Берел жылқысының салтанатты ат әбзелінің
Ғылыми реконструкциясы. Б.з.д VI-IIIғғ Шығыс Қазақстан, Берел қорымы

Найзаның ұшы. Қола. Қола дәуірі

Балға. Қола. Қола дәуірі

Күлтегін ескерткіші. VII-VIII ғғ Моңғолия, Кошо-Цайдам ойпаты

Қазақ сұлтанының сақиналы мөрі

Сақ дәуірінің қола қазаны Б.д.д VI-Vғғ

Алтынқазған діни – ғұрыптық кешеніне жататын қорымнан табылған ат әбзелдерінің реконструкциясы. III-V б.з

Сармат көсемі б.з. І ғ
Атырау облысы, Аралтөбе қорғаны Ғылыми жетекші: Зейнола Самашев Реконструкциясын орындаған: Қырым Алтынбеков

Ұлы Дала Жауһары Б.з.д ІІғ
Атырау облысы, Миялы қорғаны Ғылыми жетекшісі: М.Қасенов, Реконструкциясын орындаған: Қ. Алтынбеко

Түрік мөрі
Музей қоры
Музей қоры 2011 жылы «Түркістан облыстық тарихи-мәдени-этнографиялық орталық» болып ашылған кезде 1600 жәдігермен құрылған. 2011жылы Алматы қаласындағы«Этнодизайн Қазақ – 2030» ЖШС директоры Аманжол Найманбай музей экспозициясын жабдықтап, жергілікті халықтың қолында сақталған құнды дүниелерді музейге тапсыруға ықпал жасаған. 2021жылдың наурыз айында Түркістан облыстық Ұлы Дала Елі орталығы болып өзгерді. Қазіргі кезде Қор сақтау және есепке алу бөлімінің қорында 7238 дана жәдігер мемлекеттік тіркеуге алынған, оның ішінде 4166 данасы негізгі қор, 3072 данасы ғылыми қор есебінде. Олардың басым көпшілігі түпнұсқада тарихи құнды дүниелер. Атап айтқанда Түркістан тарихына байланысты алтын, күміс, мыс теңгелер күмбесі, қазақ халқының өткен өмірінің тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат беретін этнографиялық жәдігерлер және де Ұлы даланың жеті қырына байланысты жәдігерлер. Қазіргі уақытқа дейін қор бөлімі ашылмаған, ғылыми-әдістемелік бөлімнің ғылыми қызметкері А.Мирзабекова және де маманы М.Тұрсынбаеваға қор бөлімін жүргізу жүктелген.
Музей қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 372 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы музей қорын қалыптастыру және сақтау ережесіне сәйкес жұмыс жасайды, ереже бойынша музей қорын қалыптастыру төмендегідей жүзеге асырылады делінген:
1. Музей жәдігерлері мен музей жинақтарын иеленушісінен сатып алу жолымен;
2. Жеке және заңды тұлғалардан сый немесе мұра ретінде қабылданған заттар есебінен;
3. Сот арқылы немесе өзгеде осындай құзыреті бар мемлекеттік органдардың шешімі арқылы тәркіленген мұражайлық маңызы бар жинақтардың немесе жекелеген заттардың есебінен;
4. Археологиялық экспедициялардың нәтижесінде немесе өзге де жағдайларда табылған тарихи-көркемдік құндылықты құрайтын заттардың және көмбелердің есебінен толықтырылып отырады.

