Түркі Әлемі Залы
4 «Түркі әлемі» залы
Құрметті қонақтар. Алдарыңыздағы экспозициялық залдың аты – «Түркі әлемі» деп аталады

Сақ жауынгерінің қару-жарақ жиынтығы б.з.д V-II ғ. Сақ байрағы
Ғұн жауынгерінің қару-жарақ жиынтығы б.з.д II-VІ ғ. Ғұн байрағы
Түркі жауынгерінің қару-жарақ жиынтығы б.з.д VI-VII ғ. Көне түркі заманының туы
Көне түркі ақсүйегінің былғары шапаны
Көне түркі ақсүйегінің киіз шапаны
Елтірі құтлық қағанның бас мүсіні VII ғ
Күлтегін қағанның бас мүсіні VIII ғ
Қыпшақ жауынгерінің қару-жарақ жиынтығы. Қыпшақ туы
Алтын Орда жауынгерінің қару-жарақ жиынтығы
Қазақ жауынгерінің қару-жарақ жиынтығы XVIII-XIX ғ. Қазақ хандығының байрағы XVIII-XIX ғ
Ұйғыр жазбасы бар пайзы. Көне түркі мөрі. Тоқтамыс ханның аты қашалған мыс айылбас. Әбілхайыр ханның мөр жүзігі XVIII ғ. Абылай ханның мөрі. Тоқтамыс ханның мөр жүзігі
Есік жазба ескерткіші. Есік қорғаны б.з.д V-IV ғ.
Қыш ыдыстың бетіндегі жазу б.з.д IV-II ғ. Шірік рабат қалашығы.
Қаңлы жазбасы бар қыш текше б.з.д II-IV ғ.
Түркі жазуы бар диск VII-VIII ғ. Жамбыл облысы Тараз.
Араб жазуы бар мұсылман сағанасы XVIII-XIX ғ
Қадым Ұйғыр тас стелласы – бұл ескерткішті Батыс Монғолия Увс аймағының Хар-ус (Қарасу) деген жерінен 1955 жылы моңғол археологы Ц.Доржсүрэн тапқан түпнұсқа қазір Увс аймағының Өлкетану мұражайында сақталған.
Ескерткіштің көшірмесін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры Қ.Сартқожаұлы 2011 жылы жасап Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтандағы Орталық мұражайына тапсырды. Тастағы Қадым ұйғыр мәтіні эрозияға қатты ұшырамаған. Мұражай қызметкерлері ұстындағы жазудың әріп кескіндерін айқындамақ болып ақ түсті бояумен жосықсыз бояп тастағандықтан оқуға ауыртпалық тудырды. Мәтін жоғарыдан төменге қарай бағытталған. 3-жолдағы 5-сөздің екінші әріпі, 4-жолдың 6-сөзі эрозияға ұшырағындықтан оқылмайды. Тасқа сегіз жолдан тұратын, ежелгі ұйғыр графикасын қолдана отырып жазылған мәтін ойылған.
Мәтіннің тарихи маңыздылығына сараптама.
Мәтінде Боғаз-тегін ханзаданың іс-әрекеті,оның басқарған қолының (армиясының) жетістігі және жалындап тұрған жас шағында (30 жасында) өмірден өткені сөз болады.
Байырғы түріктердің әскери тактикасынан (маңдай шеп) ақпарат береді.
Елді (қағанатты)басқаруды әке орнында жүрген өгей әкеге тапсырғаны.
Долодой мәтініндегі соғыс Түргештермен (қарлұқ, шато (құмдықтар – кейін онгун атанған) тиветтердің каолациясы) болған оқиғаны көрсеткен.









Залдың ортасындағы шарда Түркілердің тарихындағы киелі ұғымға ие болған «Қанатты көк бөрі» орын алды. Дәуіріміздің І мыңжылдықтың орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы Дала төсінде жаңа кезең басталды. Түркілер ұлан-ғайыр кеңістікте көшпелі және отырықшы өркениеттің өрнегін қалыптастырды.
Экран – проекциялық шоудың аумағы – 2000 ш.м құрайтын көпфункционалды экран. Арнайы дайындалған контент сферамен үйлесіп, сценарий желісі бойынша қозғалыста болады.
Видео – келушілерге түркілердің шығу тарихы, адамзат өркениетін дамытудағы рөлі туралы проекциялық шоу көрсетіледі.
9 минуттық видеоролик көрсетіледі