Ұлы Жібек Жолы

Құрметті қонақтар!

«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында – «Ұлы Жібек жолы» ерекше орын алады.

 Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырған трансконтинентальды платформа (желі).

Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында бұл зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер, мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы аң терілері, қола мен темірден жасалған заттар, мата, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар – базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Жолдар бір-бірімен ұласып, Шығыс пен Батысқа, Оңтүстік пен Солтүстікке қарай жалғасып, көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осылай біз б.з.б ІІ ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Сонау Еуропа мен Азияны біріктіріп жатқан бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді.

Тоғыз жолдың торабын тоғыстырған Жібек жолының Қазақстандағы бағыты – еліміз үшін географиялық тұрғыдан ұтымды орналастырылған.

Алдарыңызда Талхиз (Талғар), Тараз, Яссы, Отырар, Сауран, Сығанақ, Сарайшық сияқты ежелгі қалаларымыздың қайнаған өмірі көрсетілген макеттер.

2014 жылғы 22 маусымда Катардың Доха қаласында өткен дүниежүзілік мұра комитетінің 38-ші сессиясында Жібек жолы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Қазақстан, Қытай және Қырғызстан елдері «Жібек жолы: Чанань-Тянь-Шань дәлізінің маршруттық желісі» номинациясына енгізілді.