Қазақстан алма мен қызғалдақ мекені

«Қазақстан – алма мен қызғалдақ отаны»

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Осы дақылдарды орталыққа келушілерге кеңінен таныстыру үшін жеке экспозиция арнадық.

Алма атаулының арғы атасы – Сиверс сорты Қазақстаннан бүкіл әлемге «Жібек жолы» арқылы таралған.

Қазақстанда жабайы қызғалдақтың 35 түрі өседі, оның 18-і Қызыл кітапқа енген, 12 сортын шет елге экспорттайды.

2014 жылы 24 наурызда Гаага қаласында қызғалдақтың ең ерекше сорты таныстырылды. Жаңа сұрыптың авторы – белгілі голландиялық гүл өсіруші Жан Лайтхард. Бұл ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосып келе жатқан тарихи зор үлесі үшін әлем халықтарының тартуы. Елбасы Азиядағы осындай құрметке ие болған алғашқы президенттердің бірі.

Осы ретте, қызғалдақ инсталяциясы үшін голландиялық селекционерлер арнайы өндірген «Нұрсұлтан Назарбаев» сортының үлгісі қойылды.