Елбасы Залы Және Болашақ Қазақстан

«Елбасы» залы

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінде «Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен  адаммын» деген.
«Ұлы Дала Елі» орталығының негізгі залы еліміздің рухани қазынасын еселеп, тамырлы тарихымызды түгендеп, жарқын болашағымызды айқындап берген аса құрметті Елбасына арналады. Еліміздің өткені мен болашағын жалғаған «Нұрлы жол» көпірінің шыныдан жасалуы Елбасымыздың халыққа деген саф таза көңілі мен риясыз пейілін білдіреді. Көпірдің екі бетін, яғни еліміздің өткені мен келешегін біріктіріп тұрған қолтаңба қазақстандықтар үшін тұрақтылық пен сенімділік кепілінің символы ретінде орналасқан.

DSC_0231

Анықтама үшін: Экспозицияда әлемнің иүкпір-түкпіріне тараған 200млн түркі халқын жұмылдыруға қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен қарқатылады. Осы мақсатта түркі әлемін дамытуға сіңірген еңбегінің бағасы ретінде дипломатиялық сыйлықтардың ең бағалы жәдігерлері, жоғары мемлекеттіу марапаттары қойылды.

 

Оң жағымызда:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік Халықаралық университетінің Құрметті профессорының дипломы. Қазақстан Республикасы 1992ж.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік Халықаралық лицейінің Құрметті профессорының дипломы. Қазақстан Республикасы 1993ж.

Білкент университеті саясаттану саласының Құрметті докторының дипломы. Түркия Республикасы 1998ж.

«Әзербайжан-Қазақстан» Республикалық Қоғамы Басқармасының Құрметті Төрағасы болып сайлануы туралы сертификаты. Әзірбайжан Республикасы 1999ж.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы сыйлық лауреатының дипломы. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университітінен. Қазақстан Республикасы 2002ж.

«Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» арнайы сыйлығы. Түркия жазушылар және өнер қайраткерлері қорынан (ТҮРКСАВ). Түркия Республикасы 2006ж.

Окан университетінің алғашқы Құрметті докторының дипломы. Түркия Республикасы 2009ж.

«Шереф армаганы» сыйлығы. «Түрік оджаклары» қоғамынан. Түркия Республикасы 2009ж.

Түркі әлемі өркендеу сыйлығы. Түркия Республикасы 2019ж.

 

Сол жағымызда:

«Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлығы. Түркі әлемінің жазушылар және өнер қайраткерлерінің қорынан. 1998ж.

«Еуразия» ордені. Еуразия Диалогы Платформасы қоғамдық бірлестігінен. Түркия Республикасы 2009ж.

Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Құрмет ордені. Түркия Республикасы 2009ж.

«Стратегиялық көзқарас – 2009» сыйлығы. Түрік-Азия стратегиялық зерттеулер орталығынан. Түркия Республикасы 2009ж.

«Түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» ордені. Түркі мәдениетінің Халықаралық ұйымынан (ТҮРКСОЙ) 2010ж.

«Түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» марапаты.

«Шереф армаганы» сыйлығы. «Түрік оджаклары» қоғамынан. Түркия Республикасы 2010ж.

«Сүйіспеншілік дәнекері» сыйлығы. Түркі әлемінің мәдениет астанасы Атқару комитетінің мәдениет бойынша Кеңесінен. Түркия Республикасы 2013ж.

«Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығы. Түркі әлемінің жазушылар және өнер қайраткерлерінің қорынан 2015ж.

Түркі әлемінің Жоғарғы ордені. Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің VII саммиті. Әзербайжан Республикасы 2019ж.

Елбасы «Азаттық философиясы мен «Мәңгілік ел» идеясын ел мұратына айналдырды. Осы бағытта жүзеге асырылып, өімршеңдігін дәлелдеген келелі бастамалар келесі бейнематериалда баяндалады.

 

«Болашақ»залы

Орталыққа келген келушілер Ұлы Даланың кешесі мен бүгінін ғана танып қоймай, болашағына да көз жүгірту үшін «Болашақ Қазақстан» залы жасақталды.

Келесі экранда Болашақ Қазақстан: ақылды қала, жасыл экономика, болашақ энергиясы, жасанды интеллект, қолжетімді медицина, инженерлік генетика, пилотсыз автокөліктер тақырыбы сөз болады.