Жалпы Экскурсия Бөлім
Жалпы экскурсия бөлімі
Бөлімнің негізгі қызметі – экскурсиялық бағдарламаларды жасап, музей залдарының тақырыптары бойынша әдістемелік құжаттарды дайындап, экскурсияларды, лекцияларды, жылжымалы көрмелерді және кешенді шараларды ұйымдастыру.
Бөлімде 1 бөлім меңгерушісі және 4 экскурсовод қызмет атқарады. Жалпы экскурсия бөлімінің негізгі міндеті орталыққа келушілерді 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілде экскурсиямен қамтамасыз ету және көпшілікке насихат жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ, бөлім қызметкерлері қала мен облыстың оқу орындарымен, туристік және басқа да мекемелермен қатынастарды нығайтып, музей экспозицияларына, көрмелеріне, экскурсия мен лекцияларға, кешенді мәдени-көркемөнер және мәдени-ағарту бағларламаларға келушілерді тарту.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, төмендегі бағытта жұмыс жүргізеді:
- бекітілген нормаларға сәйкес экспозиция, көрме, ашық сақтау қорлары мен мұражайлар нысандарына экскурсия жүргізеді;
- әдіскердің жаңа материалдары мен ұсыныстарына сәйкес, экскурсияға толықтырулар мен өзгерістер енгізеді;
- экскурсия жүргізу әдісін дамыту үшін жұмыстар жүргізеді;
- экскурсия бойынша әдістемелік ұсыныстар мен тыңдаулар дайындауға;
- мәдени-ағартушылық шаралар жүргізуге қатысады.

